«Ұйқым келмейді» әнінің сөзін жазған автордың басқа әндерге жазған өлеңдері

Oinet.kz 21-07-2022 1755

Жақында ғана хит боп кеткен "Ұйқым келмейді" әнінің сөзін жазған автор Рамазан Амантайдың басқа да әндерге жазған өлеңдерін ұсынып отырмыз:

Screenshot_7.jpg

МИЛЛИОНЫМ, МИЛЛИАРДЫМ

Күйзелгенде көңіл суып

Көрсететін өмір сүріп гүл-аруымсың

Қабылдамай бір сиымды

Үйрететін шын сүйуді мұғалімімсің

 

Қызғаныпта бұрыс атын

Ұрыспауға тырысатын әбігерімсің

Жүрегімді сезе алатын

Ауырғанда жаза алатын дәрігерімсің

 

Миллионым, миллиардым

Алтын, күміс, бриллитантым, қымбатым менің

Дәуірімсің, ғасырымсың

Ғарышымсың, ғашығымсың, шын бақытым менің

 

Хайнам болса ақтап алған

Мінезімді жаттап алған дарыным менің

Жан дүниемді дертке толған

Жанарымнан зерттеп алған ғалымым менің

 

Талғампазға мен секілді

Мүмкін емес сен секілді сәт сайын ұнау

Жүрсемде мен қандай жолмен

Бір сен деген хандай көрген патшайымым-ау

ЛЕНА

Үнсіз ғана тілдесіп тапжылмаған

Жанарыңның түбіне ой ұрлаттың

Ғашық тілі тілсіз деп жырлаған

Ұлылығын Абайдың мойындаттың

 

Лена шырайлысың

Орысша деп атыңды ел сынайды шын

Жұрт не десе о десін айта берсін

Сен мен үшін Ләйләсің, Ләйләсің

Сен мен үшін Ләйләсің, Ләйләсің

 

Қол ұстасып шығамыз белеске тең

Осы біздің болашақ емес пекен

Жаратқаннан сәт сайын сені тілеп

Ертеңімді өзіңменен елестетем

«Ол әйел болып жарытпайды» - Құрмаш Махан бір қызға тоғыз ән арнап, қосылмаған
«Түсімде көрдім»: Роза Әлқожа ауыр отадан шығып, оқырмандарымен байланысты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу