«Түсімде көрдім»: Роза Әлқожа ауыр отадан шығып, оқырмандарымен байланысты (видео)

Oinet.kz 21-07-2022 6198

Отандық әнші Роза Әлқожаның денсаулығы күрт нашарлап, ота жасатты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшіс

Screenshot_9.jpg

Роза Әлқожа отадан кейін өзіне келіп, жанкүйерлерімен байланысқа шықты. Әнші Instagram парақшасында мән-жаймен бөлісіп, өзінің қазіргі жағдайын айтты. Сөзінше, дәрігерлерге дереу қаралуға оған Жазира Байырбекова кеңес берген. Ол Роза Әлқожаны түсінде көріп, бірден оған хабарласқан. Әнші өзіне қолдау білдірген қалың көпшілікке алғысын айтты. Ол отасы сәтті өтіп, қазіргі уақытта үйіне оралғанын хабарлады.

"Жоспарлы отаны сәтті өткізіп, үйге оралдық. Осыдан біраз бұрын Жазира Байырбекова хабарласады. "Түсімде сені көрдім. Саған, құрсағыңа ота жасап жатыр екен. Жанар деген дәрігер бар, соған хабарласшы. Сенде бәрі дұрыс па?" дейді. "Бәрі дұрыс" дедім де қойдым. Бірақ Жазираның түсі ойымнан кетпей қойды. Адам қиналса жақын адамына құдай түс арқылы сездіре ме деп ойлаймын. Сонымен жүріп-жүріп Жазира айтқан дәрігерге барсам, отасыз шешілмейтін мәселе екен. Екі ай бұрын отаға жазылып, ешқандай той-томалаққа келіспей, сол күні Түркістаннан ұшып келдім. Ертеңіне таңнан бар анализды тапсырып, сағат онда алып кіріп, он екіде палатаға жатқызды. Содан бері міне өз-өзіме келіп, әндетуге жарап қалдық. Тілектес болған баршаңызға рахмет! Бір ұққаным - мен қатты қиналғанда, я ауырғанда ешкімге көрінгім келмейді екенмін. Бәрі жақсы болғанда ғана байланысқа шығады екенмін. Шүкір, шауып-шапқылап, шартарапты шарлап, енді бір уақыт демалыс жарияладық", - деп жазды әртіс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Роза ӘЛҚОЖА

«Ұйқым келмейді» әнінің сөзін жазған автордың басқа әндерге жазған өлеңдері
«Бастарына тиген күні түсінер»: Айдарбекова немерелерінің орысша сөйлеуін келіндерінен көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу