«Ол әйел болып жарытпайды» - Құрмаш Махан бір қызға тоғыз ән арнап, қосылмаған

Oinet.kz 20-07-2022 2287

Отандық әнші, коипозитор Құрмаш Махан өз басынан өткерген махаббат оқиғасын айтып берді. Ол тараздық аруға қатты ғашық болып, 5 жыл кездесіп жүріп, өзге әйелмен отау құрғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_11.jpg

Бүгінде Құрмаш Махан үлгілі жар, бақытты әке. Алайда соған қарамастан, 2000 жылдары қоштасқан махаббатына әлі де ән арнауда. Тоғызыншы ән жақында ғана жарыққа шыққан. 

"Маңдайға жазылмаса, шын сүйгендер қосылмайды екен. Оған белгілі, белгісіз себептер болды. Бұл баянсыз махаббаттан ұтқаным не? Құрмашты Құрмаш қылған алғашқы "Армандаймын адам боп жаралған соң" әні сол қызға арналған. Ән Бағлан Омаровтікі, ал сөзін Әміре Қалмұрзаев деген кісі жазған. Авторлары бөлек болғанымен, менің орындауымда ол сол қызға арналды", - дейді композитор.

Сөзінше, ол енді бұрынғы ғашығына ән арнамауы мүмкін. 

"Оны ойлап, қайғыратын жастан кетіп қалдым. Екіншіден, мен қазір бақытты ғұмыр кешіп жатырмын. Өз адамымды таптым. Алла Тағала шебер, бәрін өз ретімен келтірді. Мен бастысы ол махаббаттың неге баянсыз болғанын түсіндім. Оның тұрмыс құратын адамы бар екен, менің де өз адамым бар екен. Біз соларға қосылып, мұратымызға жетіп, бақытты баянды ғұмыр кешеміз", - дейді Махан.

Ал композитордың қазіргі келіншегі оның баянсыз махаббаты жайлы да, әндерінің тарихы жайлы да хабардар. Бірақ түсіністікпен қарайды, қызғанбайды. 

"Менің өмірім тек сол махаббаттан тұрмайды. Басқа да қызықшылықтар, махаббаттар бар. Қазіргі келіншегіме үйленудің алдында да өзінің керемет оқиғасы болды. Мен келіншегімді 40 жыл іздедім, Алладан сұрадым. Сондай шаршаған кезде ән жаздым. Сол әнді жазып тапқан келіншегім. Барлығынан бұрын сол әнді естіді, тыңдады. Өзіне сондай ән арнаған адамды түсінбесе, ол әйел болып жарытпайды. Біз бақытты адамбыз. Оның іздегені мен, менің іздегенім ол болды. Үйленгеннен кейін біраз уақыттан кейін барлығын айтып бердім. Өмір тарихымды біледі. Сол кезде бір есімнен кетпейтіні келіншегім: "Қызықсыз, неге соған үйленбедіңіз?" - деп ұрысты. "Оған үйленсем, саған үйленуім екіталай еді ғой" десем: "иә" дейді. Оның шынайы адами қасиеті маған ұнайды. Мен оны жақсы көрдім, сүйдім. Сөйтіп үйлендім", - дейді Құрмаш Махан. 

«Мына өмірден шаршадым»: Атышулы Замира Сұлтан айықпайтын дертке шалдықты (видео)
«Ұйқым келмейді» әнінің сөзін жазған автордың басқа әндерге жазған өлеңдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу