Белгілі блогер тараздық бүлдіршіннің еміне 106 миллион жинап берді (видео)

Oinet.kz 27-12-2021 2454

Танымал блогер Жансерік Қадырбаев тараздық Айсезім Еркіннің еміне 106 миллион теңге аударды. Қомақты қаражатты блогердің оқырмандары небәрі үш күнде жинаған.

һаькгркг.png

1,5 жасар Айсезімге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет. Әзірге бүлдіршіннің ата-анасы 595 миллион теңге жинап үлгерді. Оның 106 миллион 700 мың теңгесін Жансерік Қадырбаев оқырмандарынан жинап берді. Айсезімнің ата-анасы блогерге ерекше алғысын білдірді.

- "Аса құрметті Жансерік мырза. Біздің отбасымыздың қасіретіне, Айсезімнің ауыр дертіне бей-жай қарамай, өзіңіздің адал жүрегіңізбен Айсезімге берген көмек қолдауыңыз үшін, барлығы үшін көп ризашылығымды білдіреміз. Басымызды иіп алғыс айтамыз. Тарихта болмаған таңғажайыпты жасадыңыз. Біз сізге жақсы, мейірімді, жарқын өмір тілейміз. Осындай қиын кезеңде сіздей мейірімді, қайырымды, жақсы адам үшін Аллаға шукір дейміз. Сіз біздің жүрегімізге сенім ұялаттыңыз. Шын жүректен Сізге денсаулық, саналы ұрпақ, адал жар, басыңыздағы бейбітшілік, үйдегі молшылық, ішкі үйлесімділік пен жүрек үшін қуаныш тілейміз. Сізді өмірге әкелген ата-анаңыз аман болсын, әрқашан шын жүректен қолдап жүретін РОДНОЙларыңыз аман болсын. Аллам сіздің пейіліңізге үйіп-төгіп нәсіп берсін!", - деп ризашылығын білдірді сәбидің ата-анасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QADYRBAYEV (@kadyrbayev_)

Тойда би кезінде бір кемпірге таласып қалған шалдар хитке айналды (видео)
92 жасқа толған Бибігүл Төлегенова сұлулығымен елді сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу