Танымал актер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін (фото)
Танымал түрік актері Бурак Озчивит төрт жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.
Белгілі болғандай, танымал актерге түсірілім кезінде 4 адамға тіл тигізді деген айып тағылып отыр.
Осыған байланысты бірнеше айдан бері тергеу жүргізіліп, куәгерлер тыңдалған.
Түркия заңдарына сәйкес, осыған ұқсас дауларды сот тарапынан тағайындалған медиатор арқылы шешуге мүмкіндік бар.
Дегенмен қос тараптың да бір-бірінің ұсынысын қабылдамағаны анықталды.
Нәтижесінде прокурор жағдайға қатысты "қорлау тізбегін" анықтап, Бурак Озвучитті 3 ай 15 күннен 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыратын жаза талап етуде.
Ал әртіс өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр.