Әбдікәрімова балаларына өлім тілеген екі әйелді сотқа берді (фото)

Oinet.kz 23-11-2021 1872

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өзіне және отбасына қатысты жағымсыз пікірлер жазғандарды сотқа берді. Ашуға булыққан өнер иесі істі заңгерлерге тапсырған, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі сынға аса мән бермейтін әртістер қатарында. Алайда, жанұясына қатысты жағымсыз пікірлер айтылып жатқанда қарап қалмайтынын көрсетті. Өнер иесі балаларына өлім тілеген екі келіншек пен өзіне Қайраттан артық ер адам таппайтынын жазған жігітті сотқа берген. 

image.png

- "Үндемеген сайын үдеп барады. Дәл осы жігітті және балаларыма өлім тілеген екі әйелдің үстінен заңгерлерім іс қозғауда. Әлеуметтік желіге де тәртіп керек. Осындай өрімдей жастар үйіндегі әке-шешесінің абыройын ойлай ма екен? "Балам үйде, қылығы түзде" деген. Бұл негативтің иесі туралы ақпараттың барлығы әп-сәтте жиналды. Енді ары қарай іс қозғалмақ", - деп жазды Әбдікәрімова. 

Желі қолданушылары жұлдызды анаға өз қолдауын білдірді. Олар Әбдікәрімованың әрекетінің дұрыс екенін айтып, оған жағымсыз пікір жазған жігіт жайлы ақпарат жіберген. 

image.png

Қарақат Әбілдина: «Сыр білдірмей сахнада күліп ән салдым» (фото)
Танымал актер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу