Индира Расылханның тойдағы биі көпшіліктің ашуын тудырды (видео)

Oinet.kz 20-11-2021 5429

Танымал әнші Индира Расылхан желіде оқырмандарының сынына ұшырады. Оған орамал тартқан әншінің тойда билеп жүргені себеп болған. Желі қолданушылары оның бұл қылығын ерсі санап, әртіске өз наразылығын білдіруде, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Индира Расылхан тойда көңіл көтеріп жүрген видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда эстрада жұлдызының өзге қонақтармен билегенін көруге болады. Алайда, бұл жайт оқырмандарға ұнамай қалған көрінеді. Олар әншіге орамал таққаннан кейін мұндай әрекетке барғаны қате екенін түсіндіруге тырысып, тойдағы қылығын "ерсі" деп сөкті. 

- "Орамал таққан соң, мынандай секіріп жүрген біртүрлі көрінеді екен", "Түсінбеймін. Біресе орамалды тағып алып, ақыл айтып отырады. Енді мынау - секіріп жүр", "Орамалдың қасиеті мен қадірі кеткен заман болды ғой", "Секіргенге жол болсын", - деп жазды көпшілік. 

Бірақ, әртісті жақтап шыққандар да табылды. Олар билегенде тұрған ештеңе жоқ екенін алға тартып, әншіге қолдау білдірді.

- "Жас шағында билемегенде, қай кезде билейді? Тұмшаланғандар билемеу керек деген қай жерде жазылған? Билесін. Әдемі жарасып тұр. Билей бер, Индиражан", "Әдемісіз! Билеңіз! Жайнап жүріңіз! Бес күн жалған дүниеде жарқырап жүрейік! Бастысы, жүрегіміз таза болсын", "Маған ұнады. Басқаларын білмеймін. Артық ештеңе көріп тұрғам жоқ", - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

«Бұл жігіт не істемеді» - Қарақат Әбілдина ұлы туралы құпияны айтты
Қарақат Әбілдина: «Сыр білдірмей сахнада күліп ән салдым» (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу