«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова ел назарына тағы бір ерекше образын паш етті. Өзгеріс пен жаңашылдыққа жаны құмар әншіні бұл жолы жанкүйерлері таңырқатты. Бұл обрасын әнші Instagram парақшасында жарияланды.
- Кезінде қағаздан жасалған көйлектерді куклаларға кигізетінбіз , енді бұл жаңа тренд Paper dress деп аталады , енді сахнаға осылай шығамын)) “ десем. Қалжың , әрине ) Жалпы , бұл образдың өзі қалжың , бұның оригиналын тауып жазған 3 тапқырға 5K - дан Stop арқылы ! Маа, бұл суретке де сын айтасыздар ма? - деп жазды әнші.
Әншінің бұл ерекше образы бірден желідегілердің назарына түсіп, олардың қызу талқысын тудырды. Оқырмандардың басым көпшілігі эстрада жұлдызын танымай қалған. Олар Сәдуақасованы шашы мен көйлегіне қатысты сұрақтың астына алды.
- "Қағаздан жасалған ба көйлегіңіз?", "Шашыңыз қайда?", "Күн сайын жаңа образ. Қашан үлгеріп жүрсіз осының бәріне?", "Шашыңызды неге қысқартып тастадыңыз?", "Танымай қалдым. Мадина, өзгерістен шаршамайды екенсіз", "Ұзын шашты сағынатын боласыз", "Мына көйлек бір қызық екен", "Мүлдем жараспайды. Шашыңыз да, көйлегіңіз де", "Қағаз королевасы", - деп жазуда халық.