«Сірә Жазира ханым сияқты... Сурагатное» - Тамара Асарды ренжіткен кім? (фото)
Жақында ғана қыз баланы дүниеге әкелген Тамара Асарға оқырманы күмәнмен қарап, әншіні ренжітті. Қыз баланы дүниеге әкеліп, Ажар деп есім қойған әншіге халық болып қуанып, барлық жақсы тілектерін жазған оқырмандар арасынан кері пікір жазғандар да кездесті.
Әнші желіде оқырманына былай деп жауап жазды:
- "Бақытты ана сүйікті жардың сөзі ащы, ниеті лас екен, сізге ақталып, тәніммен жанымды жалаңаштау, ойымда жоқ... Жиырма жылдан кейін, менің тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен бір Аллаға тапсырдым сізді!" - деп жауап жазды әнші өзін ренжіткен оқырманына.