85 жастағы ақсақалмен билеген әнші Шахизада желіні жарды (видео)
Белгілі әнші Шахизада Түркиядағы қазақтардың үйлену тойына қатысты. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жүрген қазақтардың басын қосқан бұл жиында әнші 85 жастағы той иесімен қара жорға биін биледі, деп хабарлайды Oinet.kz.
Әнші Түркиядағы қандастардың тойына барғаны жайлы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
- Қазақтың сөзі бар "шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма, шақырғанға зар боласың" деген. Міне, тағы тойға келдік. Қара жорға биінің арыстаны - Арыстан атамыздың Стамбулдағы немересінің үйлену тойының жалғасы. Бұл тойға дүние жүзінен келген қазақтар жиналды. Той тойға ұлассын!", - деп жазды ол.
Ал видеон көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды. Бірі шетелде жүрген әншіні сынап, пікір қалдырса, енді бірі ақсақалдың әлі де тың екенін айтып, қайран қалды.