Гүлзира Айдарбекова тойынан қалған жалғыз суретті көрсетті (фото)
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова мен жолдасы Нұртас Айдарбековтың той күнінен естелік боп қалған жалғыз суреті пайда болды. Бұл фотоны продюсер Instagram парақшасында жариялады.
- Біздің той күніндегі жалғыз естелік суретіміз.Тура осы тұрыста қыз жолдас пен күйеу жолдас төртеуіміздің тағы бір көрінісі бар болды. Осы кезге дейін келіншектер басына фата киетін, алғаш осындай шляпа мода болып, соны кигеніме мәзбін. Ол кездері ұялы телефон да, видео деген де жоқ, заксте тек осы жерге не болмаса мешіттің алдына барып арнайы фотографқа барып суретке түсетінбіз. Ал тойымыз ауылда болғандықтан ешқандай сурет те видео да ешқандай естеліктер жоқ. Қазіргі дамыған заманда не жоқ бәрі бар. Біз көрмеген жақсы дүниенің бәрін ұрпағымыз көрсінші деп, балаларымыздың бақытын тілеп отырамыз. Алла солардың қызықшылығын көруімізді жазсын! - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Екеуінің фотосын көрген көпшілік түрліше пікір білдіруде.
- "Бақытты болыңыз әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін бақыттың базарында алланың назарында жүре беріңіз!", "Меніңде осындай суретімен бар, баста шляпа. Йә сол кездері модаға шыққан. Мен 1988_ де тұрмысқа шықтым. Енді балапандарыңыздың қызығын көрейік", "Ал маган көйлегі сыймай қалған. Мен ашуланып шляпасы әдемі етін. Сөйтіп, қазақша сәукеле киген едім. Шіркін ол күндер де өзімізге тарих болып қалды", "Қыздың да, жігіттің де шаштары химия дейсіз. Иә, жастық шағымыз- сағыныш", "Менде осындай шляпаны киген едім", "Әр нәрсе өз уақытында деп, Керемет Аллам ұзақ ғұмыр беріп, тіл көзден сақтасын", "Әлі де вокзал жаққа барып түсу мода ғой", "Шаңырақтарыңызга Алланың нұры Жаусын! Мен сол жылы мектепті бітірдім" - деп жазды желі қолданушылары.