Баян Мақсатқызының 16 жасар кезіндегі видеосы жарияланды (видео)
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы ең алғаш фильмге түскен сәтін көрсетті. Бұл видеоны ол Instagram парақшасында жариялады.
- Мен он алты жасымда алғаш рет киноға түстім. Ол шағын әрі жарқын эпизодтағы «Мираж қыздың» рөлін сомдап шықтым. Бұл қандай фильм екенін білесіздер ме!? - деді Баян Мақсатқызы.
Баян Мақсатқызының жас күнін көрген көпшілік оған жылы лебіздерін білдіріп, қолдауда.
"Сұлулық - өнер. Әдемі қартая білу - еңбек. Сізге күш пен денсаулық тілеймін!", "Кішкентай қызыңыз өзіңізге ұқсапты", "Түк өзгермегенсіз. Баяғыдай жап-жассыз ғой", "Кукла Барби болып тұрсыз", "Дәл қазіргі - Айару", "Ол кезде табиғи сұлулық басым ғой қазіргіге қарағанда", "Сондай сүйкімді", "Кішкентай қызы деп ойлап қалдым" - деп жазды желі қолданушылары.