Қарақат Әбілдина министр Цойға шүйлікті
Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Денсаулық сақтау министрінің "жыныс ауыстыру отасына рұқсат" беретін қаулысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Денсаулық министрі Алексей Цой “жыныс ауыстыру отасына рұқсат” деген қаулы шығарды. “ТЕГІН” - деді әуелде оны. Ел болып қарсы шығып еді, енді тегін еме, “жыныс ауыстыру отасы ақылы түрде жасалады” деп мәлімдеді. Бір қызығы бұл заң бізге 2020 жылдың 25-қарашасында енгізіліп қойған екен. Айналып келгендегі: жеке адамның құқығы... Ал ұлттық сана? Ұлттық тәрбие? “Жаман үйді қонағы билейді” дегеннің кебін киіп тұрмыз ғой. Сол заң, сол ота керек пе бізге мүлде?! Біз қазақ жеті атадан аспай қыз алыспаған, қаны өте таза халықпыз. “Ұлым ұрпағымды жалғастырады, қызым өрісімді кеңейтеді” деп баладан үміт күткен халықпыз. Ұрпақ тазалығын бұзу, ұлтты құрту ма мақсаты? Қайда кетіп барамыз?! Бұл сорақылыққа жол бермеуіміз керек! Алла сақтасын, қарсымын... Не де болса әр қазақ өзімізге, өз балаларымыздың негізіне, тәрбиесіне бекем болып, иманын берік, парызын бүтін етіп өсіруге қам жасауымыз керек! - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Әншінің пікірін желі қолданушылары түгелдей дерлік қолдап отыр.
- "Цойдың қазаққа қарсы өз мақсаты бар шығар, басқа ұлттар да таза емес, неге қазақ қаны таза болу керек деген. Сондықтан Цоймен қоса, сол жарлыққа қол қойғандардың барлығын орнынан алу керек. Басқа елге барып, Гей-сей болып білгендерін жасасын", "Сұмдық ай! л мен қыз өсіріп отырған соң барлық жаңалыққы елт ете қарайды екенсің. Біздің елдің ел сүйгіштері, Қазағым деп айқайлап отырған биліктің", "Цой орнын босату керек, қазаққа қазақ жаны ашымай тұрғанда мына бөтен кісі қазақтың түбіне жетер", "Цой мырза өзі ханым болмай тұрғанда орнын босату керек. Билік қолда екен деп, білгенін жасап кетті. Өзінің отбасына қызы қызға, ұлы ұлға үйленсін. Масқара басқа шығып бітті билік сымақтар", "Кейде ойлайсың да бұнын барлығы көз бояушылық.халықтың көңілін осындай дүниелермен алдап сол жаққа қарай бастарын айналдырып араластырып қойып, өздері бұдан да маңызды бір әрекеттермен айналысуда деп. чтоб халық оған араласпасын дегендей.байқасаңыз үнемі осындай паника жаңалық жібереді де ең соңында болмай шығады. ар жағында бір саясат жатқаны анық" - деді желі қолданушылары.