«Келін» үнді телехикаясындағы Ананди қазақ тілінде таза сөйледі (видео)
Үнді елінің "Келін" телехикаясында басты рөлді сомдаған Авика Гор қазақ тілінде сөйледі. Ол қазіргі таңда Нұрлан Қоянбаевтың киносына түсуге Аланияға келгенін хабарлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады.
- Достар, менің есімім - Авика Гор. Бүгін арнайы Қазақ киносына түсуге Аланияға келдім. Нұрлан Қоянбаевтың @koyanbayevnurlan жаңа киносын қолдап - арнайы келдім! - деді ол.
Көпшілігімізге Ананди есімімен танылған Анандидің қазақша сөйлеуіне көпшілік түрліше пікір білдіруде.
- "Даже Авика қазақша жазды", "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - Ананди", "Алақай. Мен сізді жақсы көремін", "Жарайсың", "Қолдауыңызға рақмет! Қош келдіңіз!" - деді желі қолданушылары.