Бүгін Қайрат Нұртастың туған күні

Oinet.kz 25-02-2021 1801

1989 жылы Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы 1989 жылы 25-ақпанда Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 

Қайрат Нұртас.jpg

1996 жылы Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады. 

1997 жылы: "Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты. 

2005 жылы Эстрада цирк колледжінің студенті атанды. 

2006 жылы "Шаншар" әзіл-ысқақ театрында "Әке" әнін орындады. Сол жылы "Арман" әні жазылды. 

2007 жылы: Қайрат елге белгілі әндері "Тәтті сезім", "Еркетай қарындасым", "Жаралдың кім үшін", "Аллаға шүкір", "Көз жасың көмектеспейді" сияқты тағы да басқа әндерін тыңдарманға ұсынды. 

2008 жылы 25 ақпанда Алматы қаласы Республика сарайында "Тәтті сезім" атты алғашқы шығармашылық ән кешін берді. 

2009-2010 жылы белгілі хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы уақытта тек Қазақстанда емес, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан т.б елдерде аты мәлім болып, бірнеше шығармашылық кештерін өткізді. 

2010 жыл: "Ауырмайды жүрек" әні жазылды. 

2011 жылы Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған "Екі жұлдыз" байқауына қатысты. 

2012 жылы: 25 ақпанда "KN" журналының тұсауы кесілді. 

2013 жылы Баян Есентаева продюсерлік еткен "Саз әлемі" байқауына "Ауырмайды жүрек", "Мейлі" әндерімен қатысып, "Атмарозыг", "Жыл әншісі" және "Жыл әні" атағын жеңіп алады. 9 сәуірде "Өкініш" фильмінің премьерасы өтті. 

2014 жылы «Муззон» ЕМА-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атанды Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын соңды болмаған 3D шоу концертін берді. 

2015 жылы Ұлттық аспаптар оркестірімен жанды дауыста «Қызыл гүлім-ай» кешіне қатысты. Тұңғыш рет Астана қаласында өткен «МуЗТВ» арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтың дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның үздік әншісі атанды.

Жеке өмірі

Әкесі - Нұртас Айдарбеков, анасы-Гүлзира Айдарбекова (туған. 1968, қыздың аты Дәрібаева); Аян мен Зангардың інілері бар. 2008 жылдан бастап Жұлдыз Әбдікәрімоваға үйленген. 14 сәуір 1988 жыл), некеде төрт бала дүниеге келді: қыздары Алау сезім, ұлдары Нарул және Хан

Шығармашылығы

Әнші ретінде ең алғаш Байқоңыр сахнасынан он жасында көрінді. Бірінші есеп беру кешін 2008 жылы Алматы қаласында өткізді. Атақты Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев сияқты композиторлардың әндерін Қайрат Нұртастың репертуарынан көруге болады. Оның продюсері, әрі демеушісі анасы - Гүлзира Айдарбекова.

Фильмдері

2013 жылы "Өкініш" атты фильмнің премьерасы болды. Фильм — әншінің мелодрамалық өмірін баяндайтын туынды. Фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаса, оның туыстары, профессионалды әншілер мен актерлер де фильмнен қалыс қалмады.

Адель (2015)

Арман. Когда ангелы спят (2017)

Той любой ценой (2018)

Айналар (2019)

Дискография

2006: Аңсағаным

2007: Ана

2008: Арнау

2009: Кешегі

2010: Өкініш

2011: Ауырмайды жүрек

2012: Шыда жүрек

Меншік және кірістер

ЕМА-2020 нәтижелері бойынша рейтингте қазақстандық атақты адамдар арасында үздік қазақстандық орындаушы бірінші орынға ие болды. Оның табысы 6,5 миллион долларды құрады.

Жетістіктері

2013 жылы II Еуразиялық музыка жүлдесінің «Үздік орындаушы» номинациясы тізімінде болды, бірақ жеңіске Әли Оқапов жетті. Ал келесі жылдағы III Еуразиялық музыка жүлдесінде Қайрат Нұртас сол номинацияда жеңісті қанжығасына байлады. 2015 жылы Қайрат Нұртас «Қазақстандағы үздік артист» номинациясы бойынша Муз-ТВ сыйлығына ие болды.2016 жылдың қыркүйек айында EMA-2016 «Евразия» музыкалық сыйлығының лауреаты атанды, «Үздік концерт шоуы» номинациясы бойынша. 2016 жылы ҚР Дарын жастар сыйлығының лауреаты. 2016 жылы "Құрмет" (ҚР Құрмет Ордені) орденінің кавалері 2017 жылы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі" алқасы медаль (2017).

«Келін» үнді телехикаясындағы Ананди қазақ тілінде таза сөйледі (видео)
«90 жасқа дейін сіздерге ақыл айтамын» - Құралай ханым (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу