Анам елге айтпай-ақ қой деген еді
Әнші Мақпал Исабекова осы уақытқа дейін анасының ұйғыр ұлтынан екендігін жасырып келген. Анасы өзінің ұйғыр екенін елге айтпауын өтінген. Бұл туралы "Честно говоря" бағдарламасында берілген сұхбатында айтылды, -деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Алғаш Алматыдан барғанымда анама: Мама, білесіз бе?, Алматыда ұйғырларды аса жақтырмайды екен деп таңданыспен айтқанмын. Мен үшін бұл бастапқыда түсініксіз болды. Өзім Жаркент қаласында туып өскенмін. Ол жақта ұйғырлар көп, сондықтан мұндай мәселе болмаған. Мен оқыған сыныпта он ұлттың өкілі тату білім алды. Анам егер кәсібіңе кедергі келсе, «Анамның ұлты ұйғыр» деп айтпай-ақ қой деген. Бірақ ондай келеңсіздік тумады. Керісінше Мәскеуде оқығанымда ұлттық сипаттағы түсініспеушілік көп болған, – деді Мақпал Исабекова.