«Өтінемін, көмектесіңіз» - Қытайдағы тұтқындалған ұйғыр тұтынушыдан көмек сұраған

Oinet.kz 18-11-2020 4604

Петербургтік Арслан Гибадуллин интернеттен тапсырыс арқылы алған The North Face брендінің кроссовкаларынан Қытайдағы тұтқындалған ұйғырдың көмек сұраған жазбасын тапқан. Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, ұйғыр халқы Синьцзян қытай аумағында қуғынға ұшырайды, оларды түрмеге қамап, фабрикаларда жұмыс істеуге мәжбүрлейді, деп хабарлайды «Бумага» басылымына сілтеме беріп Oinet.kz.

image.png

The North Face аяқ киім өндірісінде мәжбүрлі еңбекті қолданбағанын, бірақ ішкі тергеуді бастағанын хабарлаған. Сонымен бірге, Ұлыбританияда аталған компания мен басқа да танымал брендтерді ұйғырлар жұмыс істейтін зауыттармен жұмысы тексеріледі. 

Жазбада: "Көмектесіңіз. Мен Қытайдағы түрмеде отырмын. Өтінемін көмектесіңіз. Ұйғыр" деп жазылған.

The North Face компаниясының өкілі Инна Рубанова компанияның атынан ресми жауап берген. 

- Біз сізге мәжбүрлі еңбекті пайдаланбайтынымызды айтып сендіреміз. Түрмедегі адамдардың еңбегі сіздің аяқ-киіміңізді жасап шығару барысында қолданылған жоқ. Сіз көрсеткен аяқ-киім ешқашан Қытайда болған жоқ, - дейді ол. 

2020 жылдың 5 қарашасында Ұлыбритания парламенті елде жұмыс істейтін ірі компаниялардың Шыңжаңдағы ұйғыр мұсылмандарының мәжбүрлі еңбегін пайдаланатындығын анықтау үшін тыңдаулар өткізді. Бұл туралы BBC және Just Style хабарлаған еді.

Just Style мәліметтері бойынша, Adidas, Amazon, Boohoo, H&M, IKEA, Nike, Puma және басқа танымал брендтерден мәселеге қатысы жоқ екендерін дәлелдейтін айғақтар сұраған. 

Ағасы сотталып жатқан Біржан Нұрымбетов шын мәнінде кім?
«Қазақтың Мұхамеджаны» атты деректі фильм жарық көрді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу