Белгілі кинорежиссер «тойский әншілерді» атап, өткір сынға алды (видео)

Oinet.kz 03-02-2021 1104

Белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов халықтың өнер саласына деген талғамын сынға алды. Қайрат Нұртас, Төреғал Төреәлілерді ортанқол әншілер қатарына жатқызып, Димаш сынды нағыз өнерлі азамат жалғыз екендігін баса айтты. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында жеткізді. 

Ереек.jpg

- Тойский әншілер. Мәселен инстаграм дейміз ғой. Инстаграм деген не? Инстаграм деген қазіргі заманның символы. Сол Қайрат Нұртастың инстаграмында қаншама подписчик бар. Бибігүл Төлегенованың инстаграмында неше адам. Осы мың адам, мұнда 4 миллион. Осы 4 миллион халықтан біз айырылып қалдық. Бұлар бәрі өнердің не екенін білмейді. Нағыз өнер, нағыз рухани байлық нағыз өмірге керек нәрселер екенін білмейді. Ал егер білсе, көзі ашық болса Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаеватар кім екенін олар біле білсе олар Қайратты тыңдамайтын еді. Ортақолды әнші деп ойлайтын еді. Ал бұлар Қайрат Нұртас, Төреғалилар болсын Әлібектің кезінде сценаға шыға алмайтын еді, оларды жолатпайтын еді. Білдіңіз ба!? Сондықтан мен Қайрат Нұртасты мысал ретінде айтып отырмын. Нұртастар біздерде көп. Димаш Жалғыз. Төреғалилар бізде толып жатыр. Әлі де болады. Бірақ, Біржан немесе Құрманғазы өнердің нағыз майталмандары - деді Ермек Тұрсынов. 

Сәкен Майғазиевтің анасының өнегелі әңгімесі көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
«Надан халықтың қалтасын ақтаруда» - Ермек Тұрсынов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу