Сәкен Майғазиевтің анасының өнегелі әңгімесі көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
Отандық танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасымен түскен суреті көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бөлісті.
- Анашым баршаңызға ыстық сәлем жолдап, ақ батасын беріп жатыр. Жас аналар мен болашақ аналарға аналарымыздың ақ жолын берсін. Сіздерге АЛЛАның нұры жаусын - дейді әнші.
Сәкен Майғазиевтің анасын көрген көпшілік амандығын тілеп, жылы лебіздерінб білдіруде.
- "Бізге сіздің анаңыздың жолын берсін. Ұлдарымыз сіз сияқты болсын", "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды!", "Анасының батасын алып отырған,оны сый құрметке бөлеп отырған Сәкен әр уақытта жолың ашық болып, мақсат мұратына жетесің айналайын", "Жолың болсын, ата мен ананың , бала мен жардың, бауыр мен тәуірдің, тіл мен діннің, өмір мен өнердің парқына жеткен Сәкентай!!! Асыл анамызға дұғай сәлем!", "Ақылдың көзі, дана да мейірімі шексіз Анашыңыздың денсаулығы мықты болып, Алла Тағала жар болып ұзақ ғұмыр берсін. Табиғаты керемет", "Ана деген ешқашан қартаймай , жап жас боп көз алдыңда жүре берсе ия. Жылдан жылға әке- шешешіміздің қартайып келе жатканын қарап жүрек сыздап қояды" - дейді желі қолданушылары.