Бүгін Алтынбек Қоразбаевтың туған күні

Oinet.kz 01-02-2021 1744

Осыдан 73 жыл бұрын (1948) - әнші-композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев дүниеге келді. Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында туған. 

Алтынбек Қоразбаев.jpg

1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» және т.б. әндердің авторы. Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі», 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі», 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2010 жылы «Парасат ордені», 2016 жылы Елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс орденін» алды.

Аша Матай «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» марапатталды (фото)
Қарақат Әбілдина жағымды жаңалығымен бөлісті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу