Қайрат Нұртастың отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жанұясымен түскен суреті, көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фото әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Жаңа 2021 жыл құт-берекесімен, тыныштығымен келсін! Әрбір отбасыға бақыт, денсаулық, байлық тілеймін! - деп жазған әнші Жаңа жыл қарсаңында.
Отбасылық суретті көрген көпшілік оларға жылы лебіздерін білдіруде.
- "Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мерейі үстем мәртебесі биік табысы мол берекелі болсын", "Сізге де жақсылық тілеймін!", "Бақытты отбасы деген - осы!", "Ертегі дегідей керемет", "Елге тілеген тілегін өзіңе мың есе болып қайтсын!" - дейді желі қолданушылары.