Елімізге танымал блогерлер 40 миллионға бейнебаян түсірді (видео)
Қазақстанға белгілі блогерлер Нұрдәулет (ННН) пен Бақытжан Ақпаров (Bahapuper) құны 40 миллион тұратын бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы олар Той Думан жаңалықтарында айтты.
Блогерлер ендігі кезекте өздері ән шырқамақ.
- Әннің атын осы уақытқа дейін айтпаған болатынбыз. Құпия болған. Енді қазір айтамыз. Аты "Хайуан" - деді блогерлер.
Әннің аты басқаша болғанымен, өзі қазақша. Арасында орысша сөздері де жоқ емес. Ал, тректі жігіттердің өзі шығарған.
- Авторы екеуіміз және Манарбек (Mono songs) деген досымыз бар. Рақмет! Текстін үшеуіміз отырып жазған болатынбыз - дейді блогерлер.
Бейнебаянның бюджеті аз емес. Алғашқы түсірілімінің өзіне 40 миллион теңге кеткен.
- Иә ең қымбат клип деп айттық. Қаншалықты қымбат екенін клип шыққаннан кейін білетін боласыздар. Бірақ, осы күнге дейін 100 мың доллардай кетті. Бірақ, әлі де ақша деген кетіп жатыр. Клип Ресей мемлекетінде, Москва қаласында, бірінші бас жағын Сочи қаласында түсірдік. Қазір, Москвада түсіріп жатырмыз -дейді олар.
- Иә осы уақытқа дейін ән айтпағанмын, ән жағынан өзімді сынап көрмегенмін. Енді барынша сынаймыз, сіздер де сынайсыздар деген үміттемін. Сын түзлмей мін түзелмейді. Бірақ, сегіз қырлы, бір сырлы болу керек. Біздің клип әлі де жалғасуда. Енді біздікі қымбат клип және ең қысқа мерзімде түсірілген клип ретінде танылғымыз кеп отыр. Рекордтың жаңартқымыз келіп тұр. Клипті жаңа жылға дейін дайындап жатырмыз. Егер де үлгерсек жаңа жылға дейін шығарамыз. Жаңа жылға жаңа бастамамен - дейді блогерлер.