Жахан Отарғалиевтың анасы ұлының тойында көзіне еріксіз жас алды (видео)
Қазақстандық танымал актер Жахан Отарғалиев жақында ғана отау құрған болатын. Белгілі әнші Балжан Бидашты жар еткен актердің тойында анасы көзіне еріксіз жас алды.
Анасымен түскен бұл видеоны Жахан Instagram парақшасында жариялады.
- Қуаныштың жасы ғой. Сөзімде тұрдым. Мама мяяяз - дейді актер.
Мұны көрген желі қолданушылары Жахан мен оның анасына ыстық лебіздерін білдіруде.
- "Алла некелеріңді берік етсін. Анамыздың тілегін қабыл етсін", "Бақытты бол братан көз жас тек қуаныштан шықсын", "Бақытты болыңыздарш. Шын жүректен қуандық. Күндізден бері сіздердің онлайн тойыңызда отырмыз", "Анасын сыйлаған жігіт жаман болмайды. Анамызды сыйлап өтейік", "Аналарымыз тек қуанышта жыласын", "Жәнееем, анаңыз аман болсын. Қуаныштан ақсын тек қана көз жасы. Сіздердің бақытты күндеріңіздің куәсі болсын. Анаңыз керемет жан" - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram