Гүлзира Айдарбекова мен күйеуінің видеосы желіні шулатты (видео)
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова мен жолдасы Нұртас Айдарбековтың видеосы желіні шулатуда, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл видеоны әнші Қайрат Нұртастың анасы Instagram парақшасында жариялады.
Су жаңа тик-ток түсіріп, тренд киімдерін көрсеткен продюсер мен жолдасының бұл әрекетіне желі қолданушылары екіұшты пікір білдіруде. Бірі қолдаса, екіншілері кері пікірлерін жазуда.
- "Мәссағаааааан, Гүлеке, мықтысыз десем сенбейсіз", "Жігітіңіздің ерінбей киім ауыстырғаны керемет екен", "Күшті. Ойлап жүргем Гүлзира ханым неге тик ток түсірмей жүр деп", "Керемет" - дейді желі қолданушылары.
- "Жетпей тұрған екеуің един", "Енді істемегенің осы еді,ұят-ай", "Ерсілеу екен", "Еріккеннің ермегі" - дейді желі қолданушылары.