Қуандық Рахым үйленгенін растап көпшілікке әсерлі жыр арнады

Oinet.kz 22-10-2020

Жақында ғана отау құрған танымал әнші Қуандық Рахым үйленгенін ресми түрде растады, деп хабарлайды Oinet.kz. Енді бойдақ еместігін әнші өлең жолдарымен жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. 

image.png

- Ассалаумағалейкүм, қазақ елі! Бізден басқа не жаңалық ? Салт- дәстүрімізге сай үлкендердің батасын алдық! Не керек, “...Мен ұрлық жасаған түні - ай жарық болды... (Арғы жағын өздеріңіз түсініп отырсыздар ғой.)

Қуанышымды бөлісіп жатқан барша тілекшіл жандарға, игі жақсыларға алғыс айтамын!

P.S. Өздеріңсің ағайын, жанашырым,

Қарт Ұлытау - қасиетті дара шыңым.

Қуандығың екеу болды, қуаныңдар,

Өнерлі ұлы Сарыарқа даласының.

...Әлеуметтік желіде әңгіме көп,

(Аты шықты-ау Жезқазған қаласының.)

Шәмші туған Шәуілдірге күйеу болдым,

Кіл мықтылар жырға қосқан әр асуын.ф

Бірімізге-біріміз бақыт тілеп,

Көрсетейік кеңдіктің жарасымын.

Әр қазақтың баласы отау құрып,

Әр ата-ана тойын көрсін баласының!!! - деді Қуандық Рахым. 

Бойдақ өмірімен осылайша қош айтысқан әншіге көпшілік ыстық лебіздері мен ақ тілектерін білдіруде.

- Бақыт тілейміз! Тонның ішкі бауындай берік, керегесі кең, терезесі тең, махаббат пен сыйластықта үбірлі-шүбірлі болып ғұмыр кешетін берекелі, ұлағатты отбасы болыңдар! Жүрегімді жараладыңыз ғой , Ии жаным Қуандық,Назеркеңмен ұстасқан қолдарың еш қашан ажырамасын. Бақытты болыңдар - деді желі қолданушылары.

Сиви Махмуди Ақбота Керімбекова туралы ащы шындықты айтты
«Адамға адам керектігін ұқтым» - Ерке Есмахан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу