Әнші Айқын Төлепберген отбасымен Мысырға кетіп қалды (фото, видео)
Қазақ эстрадасының белді мүшесі Айқын Төлепберген дүниежүзінде жүріп жатқан коронавирус пандемиясына қарамастан отбасымен шетел асып кеткен. Әнші бала-шағасы және жарымен бірге Мысыр елінде демалып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz.
Айқын Төлепберген пандемия мен вирусқа қарамастан отбасымен шетелге кетіп қалған. Өнер иесі бұл шешімінің маңызды себебі бар екенін айтты. Анықталғандай, бүгін әнші мен оның жары Жұлдыз Өмірғалидің таныстығына бес жыл болған. Ерлі-зайыптылар атаулы күнді қалай болғанда да ерекше есте қаларлықтай атап өткісі келген. Соған байланысты бала-шағасымен бірге Мысыр елінен бір-ақ шыққан. Бұл демалысқа Айқын келіншегі мен екі баласымен барған. Жұлдызды жанұя Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы қымбат қонақ үйлердің біріне тоқтаған. Эстрада жұлдызы өнердегі өзге әріптестерінен қалыспай, шетел асып бара жатқанын Instagram парақшасында көпшілікке жария салған.
- Бүгін Жұлдыз Өмірғали екеуіміздің таныстығымызға 5 жыл. Сондықтан еш пандемия мен вирусқа қарамастан біз бұл кішігірім юбилейді Египетте өткіземіз деп шештік. Оның үстіне антителамыз бар, - деп жазды әнші.