Жанар Айжанованың қызының кішкентай кезіндегі видеосы көпшілікті сүйсіндірді (фото, видео)
Қазақстандық танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың кішкене күніндегі видеосын Instagram парақшасында жариялады. Бата беріп тұрған 4 жасар қыздың балдай тәтті тілі көпшілікті сүйсіндірмей қоймады, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Менің ботам “күшті” бата біледі, “піссіләма - пісміллә” дегені. Жасы төртте ғана, енді ондай қате ханның қызында да болады дегендей. Ұстазы мен деп мақтанбай ақ қояйын - деді әнші Жанар Айжаанова.
Кішкентай Айжұлдыздың қылығына тамсанған көпшілік ақ тілектері мен ниеттерін қарша боратуда.
- Құдай-ау, тәттісін-ай. Қолдары кіттей. Тәп-тәтті Айкоша барған жерінде бағы ашылсын. Бақытты болсын! Батаңнан айналыдым алтын қыз, Жаным сол, Бақытты болсын айналайын қызым - деді желі қолданушылары.