Тәуекел мен Махаббат Мүсілімнің бал айы қалай өтуде (фото, видео)

Oinet.kz 20-10-2020 1543

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім мен оның жары пандемия кесірінен үйлену тойын жасай алмағанымен, шетелге бал айына баруды жөн көрген. Бүгінде Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында жүрген ерлі-зайыптылардың демалысы қалай өтіп жатыр? 

Screenshot_2.jpg

Тәуекел мен Махаббат Мүсілім бал айын құпияға толы Мысырда өткізуді шешкен. Жас жұбайлар шетелге барып, демалып қайтпақ екендерін соңына дейін ешкімге айтпай келді. Олар тек ұшақта отырған сәтінен фото жариялап, көпшілікті таңғалдырды. 

Анық болғандай, әдетте демалысқа актердің анасымен бірге аттанатын ерлі-зайыптылар бұл жолы шетелге тек екеуі ғана шыққан. Тәуекел мен Махаббат Шарм-эль-Шейх қалашығындағы аса қымбат қонақ үйлердің біріне ат басын тіреген. Олар теңізге суға түсіп, Мысырдың әсем жерлерін аралап жүр. 

Жас жұбайлар әлемнің жеті кереметінің ішіне кіретін пирамидаларды көру үшін арнайы Каир қаласына барды. Оған қоса, олар кемені тізгіндеп, жартас үстіндегі әсем мейрамхана асханасының дәмін көріп қайтты. Тәуекел мен оның келіншегі Instagram парақшаларында ерекше демалыстары қалай өтіп жатқанымен белсенді түрде бөлісуде. Олар болашақта Мысырға баруға ниетті оқырмандары үшін барынша пайдалы ақпарат беруге тырысып жүр. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

+40*С -та терлеп жүріп түскен сурет, әдемі шыққан

Бейтаныс еркекпен құшақтасқан Айгүл Иманбаева сынға қалды (фото, видео)
Жезқазғанда үйлену тойын жасаған әнші Қуандық Рахым жазаланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу