Қуандық Рахымның қалыңдығы Назеркенің әкесімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Жақында шаңырақ көтерген әнші Қуандық Рахымның қалыңдығы Назеркенің әкесімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Әке мен қыз арасындағы қимастық сезімнен құралған суретпен журналист Ерсұлтан Әмірбек Facebook парақшасында бөлісті.
- Танымал әнші Қуандық Рахым өскен-өнген әулеттен қыз алды. Ол, Түркістан облысы, Отырар ауданының Ару қызы Назеркеге үйленді. Қоңыраттың ішінде Саңғыл елі әзілге өте жақын. Қалжыңмен қағытып, айналасына күлкінің шуағын шашып жүретін жайма-шуақ жандар. Шетінен "айтқыштар". Иә, "Саңғылдың сықағынан сақтасын" деген де сөз бар. Сол сықақшы елге біртоға әнші Қуандық Рахым күйеу болды. Жұрт Қуандық Рахым үшін қуанса, мен оның сүйіп алған қалыңдығы Назерке қызымның ата-анасы, менің 11 жыл бір мектепте, бір класта оқыған Шәди кластасымның өз қызын өскен әулет, тәрбиелі ұлға ұзатқанына қуандым. Сондықтан да, мен бүгін Қуандық Рахымның ата-енесі Шәди мен Мөлдір екеуіне барша "73 кластас достар" атынан және сықақшы Әмірбек әулетінен құтты болсын айтамын. Жастардың бағы жансын! Әнші Қуандық Рахым баламыз Шәуілдірліктерге құтты күйеу болсын! - деді Ерсұлтан Әмірбек.