Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова сахнаға алғаш рет оранған күйде шығып, қалың жұртшылықты таңғалдырды. Өнер иесінің жаңа образы желіде қызу талқылануда. Бірі оны қолдап жатса, енді бірі сынның астына алуда, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бұған дейін сахнада түрлі ерекше образда өнер көрсеткен Мөлдір Әуелбекова бұл жолы ел алдына оранып шыққан. Шоу-бизнес жұлдызы басына орамал тартып, қазақи үлгідегі ұзын көйлек киіп алған. Өнер иесінің жанкүйерлері оның тұмшаланып ән салғанына қатты таңғалған. Олар әркез есте қаларлықтай образдарды киетін әншіні мұндай кейіпте көріп үйренбесе керек. Желідегілер Әуелебекованың киелі сахнаға оранып шыққанын қызу талқылап жатыр. Бұл жайтқа қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі дін жолына бет бұрған әртісті қолдаса, енді бірі оны жабық киіне бастағаны үшін сөгіп тастады. Ғаламтор кеңістігінде шу тудырған видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Желі қолданушлыраның сөзінше, Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққанан кейін қатты өзгеріп кеткен. Әсіресе, әншінің стилі үлкен өзгеріске ұшыраған. Олар эстрада жұлдызының жолдасы оған жабық киінуді талап етті деп есептейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа образы ұнады ма? #молдирауелбекова #кешью Реклама арзан бағада жазамыз