Марат Омаров Қайрат Нұртасқа бар ренішін айтты (видео)

Oinet.kz 19-10-2020 3365

Қазақстандық компрзитор, әнші Марат Омаров Қайрат Нұртасқа ренішін жеткізді. Қайрат пен Димаштың өнеріне өз бағасын берді. 

image.png

Бұл туралы әнші Алматы арнасына берген сұхбатында айтты. 

Композитордың айтуынша, Димаш пен Қайраттың өнері де, жанры да екі түрлі. 

- "Димаш 7 диапазонда ән айтатын адам. Ол салыстыруға келмейді. Димашты тума талант деп атау керек. Ал Қайраттың өз жанры бар. Оның бағыты басқа. Ол да әнші. Салыстыруға болмайды, - деді Омаров.

Сазгердің Қайратқа реніші бары белгілі болды.

- "Қайрат басқа әншілер секілді емес әннің сөзін, әнін жарияламайды. Мәселен, оның орындауындағы "Мен ғашықпын" әні менікі. Ол әннің атауын ғана жариялайды. Кей әншілер әннің сөзін кім жазғанын, әнін кім жазғанын айтып жатады. Ал Қайрат олай етпейді. Тек атауын ғана айтады", - деді сазгер. 

- "Димаштың керемет даусымен азан үнін естігім келеді. Азан айтса керемет болар еді", - деді ол. 

Қуандық Рахымның келіншегінің ұзату тойынан фото, видеолар пайда болды
Мөлдір Әуелбекова сахнаға жаңа образымен шықты (фото, видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу