Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін дүниеге әкелді (фото)

Oinet.kz 02-09-2020 2865

Қазақ эстрадасының белді мүшесі Қарақат Әбілдина босанды. Отбасына алтыншы сәбиін сыйлаған ол қыз баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әншінің жары Қыдырәлі Болманов Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Қуанышты жаңалықты қалың қазақ жұртшылығымен бөліскен Қыдырәлі Болманов жарына шексіз алғысын білдіретіндігін жеткізді. 

- Сүйінші,сүйінші қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып,тағы бір тәтті-ақ қыз берді....Алла қосқан ақ қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген... Перзент сұрап жүрген жандарға құдіреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін! - дейді әншінің жары. 

Жағымды жаңалықпен бөлісушілер қатарында қос жұптың өнердегі әріптестері де бар.

- Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші! Дәл қазір @kydyrali_bolman ағамның шаңырағында дүниеге айдай сұлу тағы бір қыз келді... @karakat_a енді 6 баланың анасы!!! Мықтылық деген осы емес пе?! - дейді Айнұр Тұрсынбаева. 

- Ураааааааааа! Қыдыралі аға мен Қарақат тағы да қызды болды! - дейді әнші Жазира Байырбекова. 

Рэпер Жан Ахмадиев Баян туралы атышулы мәлімдеме жасады
Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу