Рэпер Жан Ахмадиев Баян туралы атышулы мәлімдеме жасады

Oinet.kz 01-09-2020 2745

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев тағы да атышулы мәлімдеме жасады. Қазіргі өнер адамдарынан бастап қарапайым қыздарға дейін теріс жолға түскенін айтты. Ажырасудың жеңіл тақырыпқа айналғанын айтып қынжылды. 

image.png

Жан Ахмадиеев шоу-бизнестің ортасында жүрген Баян Алагөзова мен оның тобында өнер көрсеткен Ақбота мен Жұлдыз Өмірғалидің әрекетін сөкті. 

- "ТЕМІР ҚАТЫН" да күйеуін түрмеге жауып, біреудің байын тартып алды. Ол былай тұрсын, өзінің "ШЕШю" тобындағы қыздары екі әншіні отбасынан айырып, интернетті шулатып жүр. Әзірге мәз-мейрам. Жүре берсін, кейін Алла жазаларын бере жатар. Бұны көрген кішкентай қарындастарымыз не істесін. "Еее ажырасу деген қалыпты жағдай екен ғой" деген қағида қалыптастырады", - деді ол.

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қолдаса, бірі өткен істі қазбалай беруді қажеті жоқ деп санайды. Әркім өз тағдыры үшін өзі жауап береді деген пікірде. 

- "Біреу ажырасса таңғалмайтын болдық. Ертеде "байдан қайтып келді" десе ойбай құрсын деп шошушы едік. Ал еркектер ше, үйде жылулық көрмегендіктен далаға қашады. Қатындардан көңіл іздейді. Сөйтіп жүріп біреуге жолығады. Ол көңілдесі үйдегі әйелі бермеген тамағын жасайды, ваннаға шомылдырып, арқасын езіп береді. Мұндайды көрмеген аңқау еркек "мә мен қателікпен үйленіппін ғой. Нағыз махаббатым осы қыз екен" деп келіншегін 4 баласымен тастап кетіп жатады. Сөйтеді де, жыл өтпей өзгеріп шыға келген көңілдесінің басқа қырларын байқайды. Не анда жоқ не мында жоқ далада сасып қалады. Осы бізге керек пе еркектер...?", - деп жазды Ахмадиев желіде. 

«Танымал әнші әйелін көшеде сабап тастады» - отандық блогер
Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін дүниеге әкелді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу