«Танымал әнші әйелін көшеде сабап тастады» - отандық блогер
Қазақстандық блогер, психолог Динара Болат танымал қазақстандық әншінің әрекетін айтып сөкті. Оның айтуынша, әнші әйелін көшеде сабап, жарақаттап тастаған. Блогер ел алдында жарқырап жүрген әншінің мұндай айуандығына таңғалды.
Бұл туралы Динара Болат желідегі парақшасында жазды. Ол әйелін сабаған әншінің есімін жасырып қалды.
- "Осыдан бір ай бұрын “құрбымның парақшасынан жазып отырмын. Құрбымның күйеуі оны сабайды. Ол әйгілі адам...” деп біреу жазды. “Сотқа беріңіздер. Айғақ жинаңыздар”,- деп кеңесімді айттым. Енді жуырда сол парақшадан келіншектің өзі күйеуі көшенің ортасында қол көтергенін, қазір қолы гипстеулі екенін жазды. Айғақтайын десе әнші жұлдыздың танымалдылығынан травмпункт те, жергілікті полиция да “түк емес” дегенді айтады екен. Әрі қарай күрескісі келсе не істеу керектігін, қалай дайындалу керектігін айтып қоштастық", - деп жазды блогер.
Динара Болат әйелін сабаған танымал әншінің кім екенін ашып айтқан жоқ. Анығы өзі әнін тыңдап, құрметтеп жүрген танымал өнер адамы.
- "Ел алдында жарқырап жүрген, әндерін тыңдап жүрген, ах-ох деп жүрген әншінің бірі. Әйеліне қарап аяп кеттім. Әйелі екеніне де сенбедім. Жүзі жадау, киімі жұпыны, көңіл-күйі жоқ, сүмірейген күйде. Жарқырап жүрген әншінің әйелі солай жүре ме? Өзгенің етегін аңдығанша, өз әйеліне қарамай ма?", - деп жазды психолог.
Динара Болат отбасындағы зорлық-зомбылыққа көніп, өз күтіміне қарамайтын әйелдерді сынға алды. Оларға күш бере отырып, өзін алып шығуға кеңес береді.
- "Күйеуінің дегеніне көніп жүре беретіндерге таңғаламын. Оларды ақтауға тырысады. Қолы тимей жүр деп ақтайды. Сіздің де өз өміріңіз бар емес пе? Сіз де жарқырап жүріңіз. Жұмыс істеңіз. Бояныңыз. Өз өміріңізді не себепті құртасыздар. Осыны айтсам, батысша ойлайтын құбыжық секілді көрінемін", - деп жазды.