Мөлдір Әуелбекова өзін сынның астына алып жүргендерге өз жауабын берді (фото)

Oinet.kz 29-08-2020 1321

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қазіргі образына пікір білдіріп, сынның астына алып жүрген адамдарға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазба қалдырды.

image.png

Әншінің сөзінше соңғы уақытта орамалына тиісіп, киім үлгісіне кері пікір білдірушілер қатары біршама көбейген. Оларға Әуелбекованың берер өз жауабы бар. 

- Ассалаумағалейкум, Құрметтілерім! Мінсіз адам болмайды... Бірақ, сол пенде өз кемшілігін біліп, тәубеге келер болса, Аллаh тағала дұғасын қабыл етеді. Орамалға тиісіп, Алланың әмірін талқылауға ешкімнің қақы жоқ деп есептеймін. О, баста Арабтар пұтқа сиынған, жамылғы кимеген. Олар да Алланың әмірімен киген, тек біздерден әлдеқайда ертерек. Омар ибн аль-Хаттаб киносын көріп, Исламға дейінгі араб әйелдерін қарап алыңыздар. Араб болма Қазақ бол дейсіздер... Қайсыңыз көшеде кимешек киіп, үкі тағып жүрсіздер? Өздеріңіз де қытайдың киімін жабыстырып, афроамерикандықтардың джинсы шалбарын бұттап, түріктің көйлегін киіп жүрген жоқсыздар ма? Мәселе киім үлгісінде емес, мәселе Алланың әмірінде! Ал, оны кім, қалай және қашан орындайды - өз еркі. Сіз 5 парыздың қайсысын орындап жүрсіз? Иман келтіресіз бе? Әурет (әйелдерге мойын мен қолдан басқа жер) жауып намаз оқисыз ба? Ораза ұстайсыз ба? Қажылық өтедіңіз бе? Зекетіңізді бересіз бе? Орындамасаңыз Алла парыздарыңызды орындауды нәсіп етсін! Бос сөзді қояйық мұсылман бауырлар! Дін ұлтқа немесе дәстүрге бөлінбейді! Ақыретте әр пенде өзі үшін ғана жауапты. Басқа бәле тілден демекші, екі иығыңызда екі періште әрбір сөзіңізді қалдырмай жазып отырғанын еске алып, Алланың бұйрығына қарсы келіп күнә арқаламаңыздар, өтініш! Алланың өзі де, сөзі де РАС! Сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін әрі, жүректерге хидаят берсін деп тілеймін! - деді Мөлдір Әуелбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ассалаумағалейкум, Құрметтілерім! Мінсіз адам болмайды... Бірақ, сол пенде өз кемшілігін біліп, тәубеге келер болса, Аллаh тағала дұғасын қабыл етеді.

Карантин кезінде той жасаған Төреғали Төрәлінің отбасы неге жазасыз қалды?
Бағлан Әбдірайымов Жақсылық Үшкемпіровке жүрекжарды жазба арнады (жазба)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу