Аша Матайдың туған інісі алғаш рет әке атанды (фото)

Oinet.kz 24-08-2020 1469

Отандық танымал тележүргізуші әрі әнші Аша Матайдың жанұясында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің туған інісі Асылжан Маратұлы алғаш рет әке атанды. Келіншегі оған сүйкімді қыз баланы сыйлаған, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Өмірге кішкентай сәбидің келгені туралы жаңалықты жас әкенің өзі Instagram желісінде хабарлады. Қуанышы қойнына сыймаған Асылжан желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрап, өз қуанышымен бөлісуді жөн көрген. 

- "Бұл өмірге қош келдің, қызым", - деп қысқа жазба қалдырды ол. 

image.png

Белгілі болғандай, Аша Матайдың келіні уақытынан әлдеқайда ертерек босанып қойған. Жоспарлы түрде қыркүйек айының ортасында дүниеге келу керек болған сәби 18 тамыз күні туды. Жас анаға кесарь тілігі жасалған. Алайда, ол бұл әдіспен босануының себебін жасырып қалды. Жас ана балалы болудан алған қайталанбас әсерімен бөлісіп, Instagram парақшасында жүрекжарды жазбасын жариялады. 

- "Негізі алдын ала болжам бойынша 13 қыркүйекте босануым керек болған. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты 18 тамызда маған кесарь тілігі жасалды. Оның себебі құпия болып қалсын. Мен негізі уайымға салынбайтын адаммын. Әрбір істе тек қана жақсылық күтіп тұр деп пайымдаймын. Бірақ, отаға дейін он минут қалғанда мен қатты қорқа бастадым. Алайда, бөлмеде жолдасымды көріп, барлық қорқынышым сейілді. Оның қолдауын сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Оның мұндай ерлігін аса қатты бағалаймын. Оған әрдайым сенім арта алатыныма сенімдімін. Күйеуімнің және кәсіби дәрігерлердің арқасында біздің махаббатымыздың жалғасы дүниеге келді. Бақытты сәттер әлі алдыда" , - деп ағынан жарылды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Добро пожаловать в этот мир, дотя❤️ 18.08.2020❤️

Публикация от @ maratuly_asylzhan

Төреғалидың қарындасы Фаризаның енесімен түскен суреті көпшілікті тәнті етті (фото)
Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу