Жанар Айжанованың күйеу баласы шын мәнінде кім?

Oinet.kz 13-08-2020 7213

Еліміздің атын шетелдерде шығарып жүрген қазақстандық жастар көп. Бірі әнімен болса, енді бірі белгілі брендтермен жұмыс жасап жүр. Сол жастардың бірі - Қыран Талапбек. Талантты режиссер - Kyran Films компаниясының негізін салушы. Сонымен қатар, ол әлемге белгілі Lexus, Toyota, Yokohama компанияларымен жұмыс істеп, Біріккен Ұлттар Ұйымына деректі фильмдер түсіреді. 

image.png

Жас режиссер өзінің даму жолын бастапқыда "Love Story", тойлар мен банкеттерді түсіруден бастайды. Өз күші бұдан да үлкен дүниелерді жасап шығаруға жететіндігін түсінген ол, той саласынан кетіп, өзгеше жол бастайды. 

Қыран Талапбек мектеп бітіргеннен кейін Түркиядағы режиссура бөліміне оқуға түседі. Алайда, оқуын аяқтамаған. Себебі, ол кезде Түркияда әскери төңкеріс жағдайы орын алып жатқан еді. Қыран осы оқиғалардан кейін елге қайта оралып, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің журналистика факультетінде білім алады. Оқуымен қатар бейнеклиптер түсіріп жүріп, оларды Instagram парақшасына жүктеп отырады. 

- 2016 жылы алғашқы видеоларым түсіріп бастадым. Ол менің жасаған саяхаттарым туралы болды. Мен оларды жарты жыл түсірдім" ,- дейді ол.

Нәтижесінде оның бейнероликтерікөптеген компанияларға ұнап, коммерциялық  бейнематреиалдар түсіруге ұсыныс түседі. 

- Маған бұл формат ұнайды. Бір минут ішінде бәрінің мағынасын жеткізу әбден мүмкін деп ойлаймын. Ең бастысы - алғашқы 15 секундқа бар назарды аударту. Бірақ, көрермен оны соңына дейін көретіндей етіп динамиканы ұстап тұру оңай емес", - дейді талантты видеограф. 

Қысқаметраж жасау жұмысқа аз уақыт бөлу дегенді білдірмейді. Toyota 70 туралы бейнеролик дайындау барысында Қыран мен оның командасы бір айға жуық бүкіл Қазақстанды аралап шықты. Олар күн сайын күн батқан сәттегі кадрларды алып отырды, себебі, әдемі кадр шығаруды басты мақсат етіп алды.

Қыран Талапбек 2020 жылын түгелдей АҚШ-та өткізуді жоспарлауда. Себебі, Нью-Йорк фильм академиясында білім алып, қатарлас жұмыс істеуді қолға алуда. 

- Менің онда қалу мақсатым жоқ. тек тәжірибе мен білім алу үшін барамын, - деді Қыран Талапбек өз сөзінде. 

Жанар Айжанованың күйеубаласымен түскен суреті елді сүйсіндірді (фото)
Әнші Мөлдір Әуелбекова Бекболат Тілеухановтың келіні ме? (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу