Жанар Айжанованың күйеубаласымен түскен суреті елді сүйсіндірді (фото)

Oinet.kz 13-08-2020 8947

Бүгін танымал әнші Жанар Айжанова қызын ұзатты. Жақында ғана сүйіктісі сөз салған Айжұлдыз Адайбекова бүгінге дейін болашақ жары туралы мәліметті құпия ұстап келген болатын. Алайда, уақыт өте келе оның кім екені белгілі болды. Ол қазақстандық белгілі жас режиссер Қыран Талапбек. Қатал ене Жанар Айжанова күйеу баласын тым жақсы қабылдаған сыңайлы. Себебі, әлеуметтік желілердің бірінде жүктелген тартымды фото көпшілікті сүйсіндіруде. 

image.png

- Айжұлдызымды әкесі екеуміз шағын ғана туыстардың басын қосып, батасын алып ұзаттық. Ендігі жерде қызымның өзіне қорған болар, арқа сүйейтін азаматы - Қыран деген күйеу баламызға табыстадық. Құдайға шүкір. бар білетін қазақтың салт-дәстүрін сақтадым. Папасы қызын қимай, сөйлей алмай, көз жасына ерік берді. Артынан ел болып жұбатып алдық. Ондай супер папа айжұлдызда ғана бар шығар. Бақытты, ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болыңдар қос қарғам! - деді Жанар Айжанова. 

Роза Рымбаеваның ұлы анасына пародия жасады
Жанар Айжанованың күйеу баласы шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу