Гүлнұр Оразымбетова 21 жас үлкен күйеуінің қатаң талаптарын жайып салды
Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен, әйелінен ажырасқан шенеунікке 19 жасында күйеуге тиген еді. Әнші күйеуінің өзі туралы айтуын үзілді-кесілді тыйым салғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әнші сұхбатында жасы үлкен күйеуінің өзіне қоятын шектеулері туралы ашып айтқан. Жұбайы желідегі парақшасына өзінің, тіпті, балаларының да суретін елге көрсетуге қарсы екен. Тіпті, аты-жөнін де атауға тыйым салған.
"Менің суретімді салуға рұқсат жоқ деді. Болды! Көпшілік менен жолдасыңыздың суретін неге салмайсыз, неге көрсетпейсіз деп сұрап жатады. Мысалы, балаларымның өзін қазір өнерге шығып, өнер көрсетіп жүрген соң ғана сала бастадым. Алдында оған да рұқсат бермеген. Балалардың суретін салмайсың деген. Өзіңмен өзің болшы, айналайын деген маған",- деп ағынан жарылды әнші.
Айта кетейік, күйеуі Серікбай Нұрғисаев бір жылдары ҚР президенті әкімшілігінде қызмет атқарған. Қызылорда облысының әкімі және мәжіліс депутаты да болған. Шенеуніктің бірініші отбасынан екі баласы бар.
Өткен жылдары ол шоу-бизнестегі жас әйеліне қымбат шетелдік көлік (Infiniti) сыйлаған еді. Ел арасында көп талқыланған соң, әнші көліктің күйеуіне сыйға келгенін, өз кезегінде ол оны өзіне тарту еткенін айтқан еді.