"Қызы сияқты": Гүлнұр Оразымбетова алғаш рет жолдасының суретін жариялады
Әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова алғаш рет күйеуімен бірге түскен суретін жариялады деп хабарлайды oinet.kz.
Аталған суретті әнші өзінің инстаграм парақшасына жүктеді. Суреттің астына: "Туған күніңізбен, Секе! Өмірдің біз үшін дайындаған сыйы, бақыты, қуанышы таусылмасын! Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін",- деп жазба қалдырған.
Жазба астына оқырмандары "Тым үлкен екен", "Қызы сияқты", "Екінші әйелі сияқты", "Отағасының туған күні құтты болсын" деген пікірлер жазып жатыр.