Жұлдыз Әбдікәрімова: «Аурудан бұрын осындай өсектер өлтіреді»

Oinet.kz 22-07-2020 13168

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың жары халық арасында індеттің үшінші толқынына қатысты тарап кеткен қауесеттерге пікір білдірді. Көпшіліктің пайымдауынша, бұл жолы коронавирус балаларды аямайтын көрінеді. Жұлдыз Әбдікәрімова желідегілерді шындыққа жанаспайтын әрі расталмаған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

image.png

Үшінші толқын кезінде жаппай балалардың зардап шегетіні туралы әңгімелер желі қолданушыларының үрейін туғызды. Бұл тұрғыда, Жұлдыз Әбдікәрімова өз оқырмандарына ақпараттың рас-өтірігін білмейінше, айтылып жатқан алып-қашпа әңгімелердеу аулақ болуға кеңес берді. Оның сөзінше, аурудан бұрын халықты осындай қауесеттер өлтіреді. 

"Бізге дауа жоқ. Басқа пәле тілден деген. Не тапсақ та тілімізден табамыз. Дінде “Жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме!” дейді. Осы біздің әйелдердің вируспен сөйлесетін қасиеті бар ма?! “Үшінші толқыным болады, дайындалыңдар! Балаларыңды сақтаңдар!” деп айтып келетін жаудан қашан кететінін де неге сұрамайды. ⠀ 

Көргенін емес, “естігендерін” таратқаннан әлде оларға ақша төлей ме?! У шашып, улайтын жоғарыдағылар мен туыстары басқа ауамен демала ма?! Оттегі қабаты олар үшін бөлек пе?! Алла сақтасын, мына естігендерім 200% өтірік боп шықсын Жаман ниеттеріңіз бен сөздеріңізге еш жазығы жоқ бейкүнә балаларды араластырмаңыздаршы! ⠀ Біз Covid-тан емес, жемқорлықтан өліп жатырмыз деп едім. Енді оның қасына өсекті де қостым. Аурудан бұрын осындай өсектер өлтіреді" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

«Ұйықтай алмаймын» - Көкек ана баласын асырап алған әйелден тартып алмақ
Дина Төлепберген: «Не деген оңбағанбыз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу