«Ұйықтай алмаймын» - Көкек ана баласын асырап алған әйелден тартып алмақ

Oinet.kz 20-07-2020 2285

Өзгенің сәбиін бауырына басқан Индира Дүйсенғалиева «Астарлы Ақиқат» бағдарламасынан көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz. Айтуынша, биологиялық анасы жаңа туған нәрестесінен өз еркімен бас тартқан. Алайда бес айдан кейін алғашқы ойынан айныған.

image.png

Жамбыл облысы Отар ауданының тұрғыны Индира Дүйсенғалиева денсаулығына байланысты бала көтере алмағасын, бала асырап алуға бел буған. Алайда туған баласынан бас тартқан 22 жастағы жас қыз Айдана бес айдан кейін ойынан қайтып, енді баласын қайтарып алмақ. 

Раяна есімді қыз бала жуырда 5 айға толады екен. Қылықтары тәтті сықылықтап күледі, әндетеді, тісі шығып жатыр дейді асырап алған анасы. "Раянасыз өмірімді елестете алмаймын, бұған дейін онсыз қалай өмір сүргем" деген келіншек онсыз өмір сүре алмайтынын айтады.

Қыз баланың биологиялық анасы Айдана босанғанша Индира оған көмектесіп, қаржылай қолдау көрсеткен. Тіпті перзентханада ақылы бөліміне жатқызып өзі босандырған.

Студияға келген Айдананың құдағиы Айгүл Телебаева алғаш болып қыздың сыры туралы білгенін айтты, қыздың әкесі, яғни туған құдасы қатал, анасы жұмсақ кісі екенін айтты. Әйел құдағиын қызының ішіндегі шаранасын алдыртпауға көндірген. Баланы алдырып тастайын деп отырған бойжеткенді ондай күнәға бармауға, баланың обалына қалмауға туған әпкесінің енесі көндерген екен. Дәл осы құдағиы ата-анасынан аяғының ауыр екенін жасырып жүрген Айдананы баласын босанғасын Индираның бауырына басып беруге көндерген. Айтуынша, аяғы ауыр бойжеткен баланы тусам да тастап кетем деген екен. Қыздың өз шешесі жатырдағы сәбиді бес айында толғақ шақыртып, алдыртып тастауға ұсынған. 

Бала дүниеге келгеннен кейін 1997 жылы туылған Айдана Әнуар нәрсетесінен бас тартатыны туралы қағазға қол қойды. Баламнан бас тартуға мәжбүрледі деген Айдана енді қазір мойындамай отыр, ол 36 жастағы Индирадағы баласын қалай да болса тартып алмақ. 

"Қырықтан асқанда таяқ жеген жаман екен": Ақбота неліктен ажырасқанын айтты
Жұлдыз Әбдікәрімова: «Аурудан бұрын осындай өсектер өлтіреді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу