Дина Төлепберген: Менің баламда коронавирус
Елімізге танымал "Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепбергеннің баласы коронавирус инфекциясына тест тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл туралы журналист өзінің Instagram парақшасында жазды.
Динаның жазбасынан баласы тәрбиеленіп жатқан балабақша тәрбиеленушісінің бірінен коронавирус инфекциясы анықталған.
«Менің баламда короновирус?⠀
Кешкісін ұлымды балабақшадан әкетуге барсам, «Ботақан» тобының карантинге жабылғанын естідім. Тәрбиешісінің айтуынша, оның тобындағы бір қыздан COVID-19 табылыпты. Кішкентайдың ауруы симптомсыз болғандықтан, ата-анасы білмеген.
Енді менің ұлым вирус жұқтырып алған болуы мүмкін. Қайттік? Баламның түріне қарасам, бәрі жақсы сияқты. Менің түріме қарасаңыз, бәрі басқаша. Қайда барам? Не істеймін?
Алдымен, емханадағы дәрігерімізге хабарластым. Ол «жөтеліп тұр ма, қызуы бар ма?» деп сұрады. Ондай белгілер жоқ еді. Белгілер болмаса, тестен өткізуге жолдама бермейді екен олар... Мейлі» - деді.
Сонымен қатар, журналист ақылы тест тапсыратын мекемелерінің бағасында жазып өтті.
«Ақылы тестті қайда тапсыруға болады?
@nce.almaty.kz Ұлттық сараптама орталығында ПТР тапсыру - 11.500 теңге. Күндіз-түні жұмыс істейтін жалғыз осылар. Бірақ қаладан жолдама арқылы келетін барлық жанды тексеретіндіктен, қазір ақылы бөлім уақытша қызметін тоқтатқан.
Көлікте отырсаңыз, шықпай анализ тапсыруға болатын жер – «Medical Partners Korea Clinic» ЖШС, "Нурлы тау" бизнес орталығының алаңында, Әл-Фараби даңғылының төменгі жағында. Тест құны – 15 500 тенге. «Олимп» зертхана желісіндегі баға – 15 940 тенге. "Invivo" зертханасында – 18 500 тенге. «Медикер»-де - 19 000 тенге.
Иә, тест тапсырар алдын 2-3 сағат тамақ жемеген жөн дейді дәрігерлер. Ұлымның мұрны мен аузынан сынама алынды. Оқшауланып, нәтижесін күтіп отырмыз енді ...» - деп жазды Дина Төлепберген.