«Бәрібір шешпеймін»: Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарға жауап берді

Oinet.kz 16-06-2020 1418

Қазақ эстрадасының белді өнер жұлдызы Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққалы басынан орамалын тастамай тағып жүр. Тағы да отбасылы болған өнер иесінің киіну мәнеріндегі өзгерісі көптеген жанкүйерлерін таңғалдырғаны сөзсіз. Орамалын қашан шешеді деген сұраққа жауап таппай жүрген оқырмандарына әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

image.png

Бұл туралы Мөлдір Әуелбекова өзінің  Instagram парақшасында айтты. Әнші желідегілерден киім үлгісіндегі өзгерісі жайында қайта-қайта жазбауын сұрап, орамалын енді бұдан былай мүлдем шешпейтінін кесіп айтты. Эстрада жұлдызы бұл пікірін Instagram парақшасы арқылы жеткізген.

"Орамалыма тиісе бермеңіздер, мақұл ма? Бәрібір шешпеймін" , - деп жазды әнші. 

Соңғы уақытта желідегі парақшасын дін тақырыбындағы жазбаларға толтырып келе жатқан Мөлдір Әуелбекова тағы да орамалды фотосымен бөліскен. Алайда, бұл жолы өнер иесі көйлек емес, шалбар киіп шыққан. 

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл жасырынып қалай өмір сүргендігін айтты
«Инсульт алды»: Бағлан Әбдірайымов анасы үшін дұға еткен көпшілікке алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу