Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл жасырынып қалай өмір сүргендігін айтты

Oinet.kz 15-06-2020 2836

Отандық шоу-бизнес өкілі, хитмэн Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова он жыл жасырынып жүрген кездегі жеке өмірі туралы бар шындықты айтты, деп хабарлайды  Oinet.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.  

image.png

Жұлдызды отбасының келіні Instagram парақшасында өз оқырмандары жиі қоятын сұрақтарға шынайы жауап беріп, олармен ашық сөйлескен. Алайда, жаудырылған сауалдардың біреуі Әбдікәрімоваға аса ұнамай қалған көрінеді. Ол "Сіздің орныңызда 10 жыл шыдай алмас едім" деп пікір білдірген адамға бірден басып жауап қайтарды. Қайрат Нұртастың жары өзінің елден жасырынып жүрген кезін нағыз қамақта отырғандай күйге теңеп жүргендердің болжамын жоққа шығарды. Көпбалалы ана ол кезде де дәл қазіргідей бақытты болғанын айтты.

- "Мен 10 жыл қамақта емес, жанұя деген жұмақта өмір сүрдім әлі де сүріп келемін. Ол шыдай алмас азап емес, нағыз ғажап күндер. Сондықтан олай ойлауыңыз қате дер едім" , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

«Обал деген болады» - Асхат Садырбай
«Бәрібір шешпеймін»: Әуелбекова орамал таққанын сынға алғандарға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу