Ернар Айдар даулы оқиғадан кейінгі жантебіренісін жеткізді

Oinet.kz 10-06-2020 1413

Отандық шоу-бизнес өкілі Ернар Айдар өзі өткізген лоторея ойынына қатысты даулы оқиғадан кейін біраз уақыт әлеуметтік желіден көрінбей кеткен болатын. Алайда, араға бірнеше апта салып, әнші желіге қайта оралды. Ол ұтыс ойындарына қатысты істің қалай жүріп жатқандығы туралы сөз етті, деп хабарлайды Oinet.kz.  Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Әнші өзіне қарай айтылған шектеусіз сыннан кейін қандай күй кешкенін айтып, көпшіліктің жолдап жатқан сұрақтарына жауап берді. 

- Ассалаумағалейкүм құрметті де, ардақты ағайын! Менде қазір бәрі жақсы, маған алаңдап, уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жатқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын. Тергеу жайлы сұрап жатқандарға: ЭТД маған айтуы бойынша ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар қашан аяқталатыны белгісіз. Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады. Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға: Менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ. Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. (Оспанов Азат, Темірбек Ернар) Қазірде ЭТД осы ұйымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Бұл нәрсе маған ауыр тиді. Себебі, қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқан да не істеріңді білмей қалады екенсің. Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол. Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті" , - деп жазды ол.

Өнер иесі бұл қиын уақытта өзінен теріс айналмай, барынша қолдау білдіруге тырысқан тыңдармандарына алғысын жаудырды. 

- Өнерімді сүйіп, мені өз баласындай көріп, маған сенім артқан қазақ халқыма, сағынышты сәлемім мен шексіз алғысымды айтамын. Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарымның "Сені сағындық" , "Біз сенімен біргеміз" деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат болады екен, - дейді әнші.

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелімен арақатынасы туралы шындықты айтты
Ринат Зайытов енді айтысқа шыға ма: Жүрсін Ерман жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу