Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелімен арақатынасы туралы шындықты айтты

Oinet.kz 10-06-2020 8916

Отандық шоу-бизнес өкілі Айқын Төлепбергеннің екінші жары Жұлдыз Өмірғали жолдасының бірінші әйелі мен балаларына қалай қарайтыны туралы сырымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz "Время" басылымына сілтеме жасап.

image.png

Айқын әу бастан екеуіміз бір-бірімізге жау емес, жақын болу керек екендігімізді айтты дейді Жұлдыз. Күйеуінің алғашқы ғашығын бір-ақ рет көргенін де жасырмады. Ол Айқынның қаталдығының арқасында екі отбасының арасында ешқандай келіспеушілік болмайтынын жеткізді.

- "Айқынның арқасында біздің арамызда ешқандай байланыс болған жоқ. Ол екі отбасының да басшысы ретінде, әке ретінде нағыз абыройға ие. Ол біздің арамызда ешқашан ұрыс-керіс, кикілжің болмайтын басынан-ақ түсіндірді. Мен оның барлық мәселерді шешіп, барлығын өз орнына қоя білетініне ризамын. Осы уақыт ішінде мен Асельмен бір рет қана сөйлесудің сәті түсті, алдағы уақытта да Асельмен араласамыз деп ойламаймын", - дейді Жұлдыз Өмірғали.

Сонымен қатар, Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некелі балаларын да қатты жақсы көретіні туралы айтып берді. Тіпті әншінің қызы Жұлдызды "мама" деп атайды екен. Қазір балалар да мені жақсы көреді, үнемі үйге келіп, қызықты уақыт өткізіп тұрамыз деп ағынан жарылды Жұлдыз. Осылайша Айқынның екі отбасына да қамқор әке екені белгілі болды.

- "Біздің балалармен қарым-қатынасымызды бір ауыз сөзбен дәл сипаттап бере алмаймын. Қазір олар кішкентай, маған құрметпен қарайды. Ансар Жұздыз тәте, ал Асылым – мама деп атайды. Мен Айқын мен оның бұрынғы әйелінің ара қатынастарына араласпауға тырысамын, недегенмен олар ортақ балалары бар ата-ана ғой", - дейді ол.

Карантин кезінде жұлдызды жұп көпшіліктің сүйіктісіне айналып, өздерінің желідегі белсенділіктерін танытқан. Тіпті қазір халық Айқын мен Жұлдызға ең үздік отбасы деп ат қойып үлгерген.

Алтынай Жорабаева Сәбиттің туған қыздарын іздемейтінін мәлімдеді
Ернар Айдар даулы оқиғадан кейінгі жантебіренісін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу