Құрғақ уәдеге құмар әкім
12-04-2023
Отандық танымал журналист Асхат Садырбай жақында қалың көпшілікке жол тартқан "Жезөкше" атты қысқаметражды фильм төңірегіндегі дауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жеткізді.
Белгілі журналист роликке кеткен шығынға Шымкент қаласында қаншама игі істерді жасауға болатыны жеткізді.
- Жастар орталығының қаржысын сауатсыз роликтерге жұмсағанша сауапты тірліктерге бөлуге болады. Мысалы:
1) Шымкенттегі саябақтарда отыратын орындықтар өте аз;⠀
2) Балалар ойнайтын (тегін) алаңқайлар саусақпен санарлық;
3) Жастар мен жасөспірімдерге арналған (тегін) спорт алаңқайлары, турниктер т.б.⠀
4) Коворкинг орталықтар;
5) Оқымысты жастарға арналған клубтар мен білімді жастар бас қосатын жерлер...
ЖОҚ. ӨТЕ КЕРЕК
6) Тіпті артылып бара жатса аудан, ауылдарға жастарға арналған орталықтар ашуға үлес қосыңдаршы, - дейді Асхат Садырбай.
Оның сөзінше, еліміздегі әрбір мәселеге шынайы жүзбен қарау керек.
- Мен тізіп шыққан мәселелердің барлығы қалалық жастар орталығына қарасты болмауы мүмкін. Алайда бұның бәріне қаражат акиматтан бөлінеді.
Сосын, қазіргі көзі ашық жастарға бұл ролик өтпейді. Видеоның авторлары мен тапсырыс берушілер көптеген мектеп оқушыларының ішімдік ішетін барларда таңға дейін қыдыратынын, пәктік туралы проблемаға қатты алаңдамайтынын білетін шығар деген үміттемін. Білмейді емес біледі. Мұндай көзбояушылық пен цирк кімге керек? Проблемаға реально қарау керек. Жастардың баратын жерлері жоқ. Айналып кеп сол барлар мен кальянханаларда отырады. Қысқа кигеннің бәрі жезөкше емес, ұзын кигеннің бәрі тақуа емес. Мәселе киімде емес санада! - дейді журналист.