Алтынай Жорабаева әкесінің туған күніне ерекше құттықтау жасады
Танымал отандық әнші Алтынай Жорабаева әкесін бүгінгі келіп жеткен туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол өзінің жеке Instagram парақшасында жазды.
- Әкетайым-Асқар тауым. Туған күніңіз құтты болсын. Алла мықты денсаулық , ұзақ ғұмыр беріп, екі дүние бақытын нәсіп етсін. Қыз баланың әкесіне жақын болуы , әкенің қыздарына деген махаббаты мен мейірімінен. Жандарым менің. Анашым екеуі әлі күнге дейін бізді еркелететін жерде еркелетіп, жылы сөздерімен , ақыл-кеңестерімен, дұғаларымен қанат бітіріп отырады. Алдымызда әрқашан күліп -ойнап, біздің тек қуанышымызды көріп жүре беріңіздер, - деді әнші.