Индира Расылхан күйеуімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты жайып салды
Халық арасында күйеуімен асханада тамақ жасаған видеосын бөлісемін деп басы дауға қалған әнші бар шындықты жайып салды. Әрі жақында ғана Алланың парызы болған хиджапты киген Индира Расылхан күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп жазады Oinet.kz тілшісі.
«Біріншіден Асекең, үлкен әріппен "Аспазшы".
Я думаю что мне крупно повезло с мужем. Мен жарымның қабырғасынан жаралғаннан, мен ол кісі не айтса да, не істесе де, тек қолдауым ғана қажет.
Иә, ол орысша сөйлейді.
Орысша сөйлейді екен деп, мен оның жандүниесіне түкіре алмаймын.
Алла мені Асекеңмен бір болуды жазғандықтан, мен оның жетістігімен қуанып, кемшілігін жасыру, менің әйелдік міндетім. Себебі ол мені жар етіп алғанда, осы әйел менің жақсымды асырып, жаманымды жасырады деген сеніммен алды емес пе?
Мен қаншалықты сол сенімін ақтаудамын? Мәселе сода! Иә, кемшіліксіз адамның болмайтыны рас. Кейде, кемшіліктерінен қашып кеткім де келетін кездер де болады. Бірақ, ол менің қашан да болсын қолдауыма мұқтаж екенін білемін.
Асекең орысша сөйлесе, ол дінін ұмытты деген емес. Әлхамдулиллаh, намазхан азамат.
Әйел ашусыз, назсыз болмайды. Кезінде интервьюда арамыздың шамалы алшақтап жүргендігі жайлы айтқан едім. Это не значит что, мен оны сыламаймын, құрметтемеймін. Ол тек іштегі өкпем мен назым еді. Қазір Аллаға шүкір жақсы қарым- қатынастамыз.
Құрметті әйелдер! Бәрі де өз қолдарыңызда! Жігітті жүн қылады күте алмаған. Қазағым бір- ақ ауыз сөзімен жеткілікті жеткізген екен. Тек еститін құлақ болса болғаны. Қыздар күйеулеріңізді жаман деп айтқанымен, ешкім сізге жақсы күйеуін бере салмайды. Сол үшін барымызды бағалайық.
Және де Алланың бергеніне мойынсыну, мықты қасиеттің бірі.
Ертең не боларын білмейміз. Бүгінгі күн ең керемет күн деп, әр күнімізді бағалайық», - деп жазды өзінің Instagram парақшасында.